+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

«Қазақфильмнің» екі туындысы Башқұртстаннан жүлделі оралды

2019 жылғы 28 тамыз 23:19
Бөлісіңіз:
«Қазақфильмнің» екі туындысы Башқұртстаннан жүлделі оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24-27 тамыз аралығында Башқұртстанның Уфа қаласында өткен 4-ші халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивалінде «Қазақфильмнің» екі фильмі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Шәкен Айманов атындағы қазақ киносының музейі ашылды Мемлекет тарапынан 18 фильм қаржыландырылады Айсұлтан Сейітов түсірген клип MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды

«Қыз бен теңіз » ф ильмі (режиссерлері - Әзиз Зайыров пен Мұхаммед Мамырбеков) «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясында қоғам қайраткері Каринэ Хабированың атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Ал фильмде басты рөлді сомдаған актер Тахир Умаров Башқұртстан Республикасы отбасы және еңбек министрлігі тағайындаған «Орындалған армандар үшін» арнайы жүлдемен марапатталды.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» көркем фильмінің режиссері Рүстем Әбдірашев Башқұртстан кинематографистер одағының «Ұлттық киноның дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесіне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұл кинофестивальге режиссер Бақыт Қайырбековтың «Құтыда жанған алау» деректі фильмі қатысқан болатын. Фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ түсірген.

«Күміс Ақбозат» фестивалі 2014 жылы халықаралық байқау ретінде жұмыс істей бастады. Келесі жылы бұл фестивальге 11 елден 36 фильм, сондай-ақ Ресей өңірлерінің туындылары қатысты. Аталған байқау бірінші күннен бастап Еуропаның фильмдерімен қатар Иран, Куба, Тәжікстан, Бангладеш және тағы да басқа елдердің режиссерлері түсірген жұмыстарын көрсете бастады. «Күміс Ақбозат» фестивалі әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін ойластырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT