Қазақфильмнің 600-ден астам картинасын онлайн-кинотеатрда көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» АҚ «Бродвей» (brod.kz) кинопорталында өз айдарын ашып, киностудия архивіндегі 645 фильмді жұртшылық назарына ұсынатын болады, деп хабарлады порталдың баспасөз қызметінен.

«Онлайн-кинотеатрға отандық киноархивтің мұндай көлемі алғаш рет ұсынылып отыр. «Қазақфильм» ұсынған фильмдердің жалпы саны - 645, олардың ішінде ойын кинолары - 208, деректі кино - 332, анимациялық - 105», - делінген хабарламада.

Бродвей - бұл қазақстындық кино, режиссерлар және актерлар жайлы ресурс. Мұнда қазақстандық кинематографияның картиналары ашық қолжетімділікте ұсынылған.

 

Соңғы жаңалықтар