«Қазақфильм» өздеріне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм»АҚ киностудия кеңсесінде тінту жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильмде тінту жүріп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз»,-делінген киностудияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 7 қыркүйекте бірқатар БАҚ-та «Қазақфильм» АҚ киностудия кеңсесінде тінту жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Еске салсақ, өткен жылы тамызда Қазақфильм ғимараты өртке оранды. Алматы әкімі «Қазақфильмде» өрттің шығу себебін анықтауды тапсырды. «Қазақфильм» киностудиясында болған төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен жиын өтті. Өрттен 48 млн теңге шығын келген.



Соңғы жаңалықтар