«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып Арман Асенов тағайындалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген. Актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткен болатын.


Фото: brod.kz

Соңғы жаңалықтар