«Қазақфильм» АҚ мемлекеттен берілген жер телімін жеке табыс мақсатында пайдаланып келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ны тексеру барысында жер заңдылықтарының бұзылуы анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бостандық аудандық прокуратурасы акционерлік қоғамға қарасты жер телімі аумағында жеке кәсіпкерлердің үш техникалық жөндеу стансасы мен бір автотұрағы бірнеше жыл заңсыз жұмыс жасап келгендігін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісімен «Қазақфильм» АҚ-ға жерді нысаналы мақсатта пайдаланбағандығы үшін ҚР ӘҚбК 339-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша 50 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), яғни 99 100 тенге айыппұл салынып, заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65-бабына сәйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті.

Соңғы жаңалықтар