«Қазақфильм» Адольф Янушкевич жайлы фильм түсіріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Петропавлда «Жаңғырық» фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мәлімет таратты.

«Жаңғырық» - Сатыбалды Нарымбетовтің бұрыннан көкейінде жатқан жобалардың бірі. Фильм қазақ даласына жер аударған революционер, құнды этнографиялық жазбалар қалдырған поляк жазушысы Адольф Янушкевичтің тағдыры туралы баяндайды. Кинотуындыны режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің ұлы - Асқар-Мұхит Нарымбетов түсіріп жатыр» делінген киностудия таратқан хабарламада.

Янушкевичтің қазақ даласындағы саяхаты Кенесары ханның соңғы шайқасымен сәйкес келеді деседі. Дәл осы эпизодты Сатыбалды Нарымбетов өз фильмінде түсіріп үлгермеген екен.

Еске сала кетейік, жобаның түсірілімі 2019 жылдың ақпан айында басталған болатын.

Қазіргі таңда түсірілім Петропавл қаласында өтіп жатыр.

Түсірілім тобы бұл жерде айдың соңына дейін түсіріп, кейін түсірілімді Алматы облысында жалғастыруды жоспарлап отыр.





Соңғы жаңалықтар