«Қазақавтожол» ЖШС сатылатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» ЖШС сатылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен (gosreestr.kz) белгілі болғандай, ЖШС-ның бастапқы бағасы 18,5 млрд теңгеге (нақтырақ, 18 583 219 000 теңге) бағаланған. Кепілдік жарна - 2,7 млрд теңге.

Тендерлік шарттарға сәйкес, сенімгерлік басқару мерзімі 3 жылға беріледі. Осы уақыттың ішінде сатып алушы сенімгерлік басқару мерзімі ішінде қызмет бейінін сақтай отырып, мамандандырылған жол-пайдалану техникасы мен автокөлікті (кемінде 300 бірлік), жабдықты (кемінде 200 бірлік) сатып алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге, мамандандырылған жол-пайдалану техникасы мен автокөліктің жалпы санынан кемінде 90 пайызы жарамды жай-күйде ұсталуы керек.

Тендердің шарттарының бәрін де мына сілемеден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар