«Қазақалтын» ТМК» ЖШС шахтасының күзетшілері мен жұмысшылары төбелесіп қалды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласына қарасты Бестөбе кентіндегі «Қазақалтын» ТМК» ЖШС шахтасының күзетшілері мен жұмысшылары төбелесті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай 16 маусым күні кешкі 20:30 шамасында орын алды. Жұмыс ауысымы аяқталар сәтте «Қазақалтын» ТМК» ЖШС шахтасының күзетшілері мен жұмысшылардың арасында төбелес орын алды. Осының салдарынан 10 шақты адам зардап шекті. Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар