Қазақ журналистері жаңа медиа технологияларды игеруде

None
None
АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ журналистикасында жаңа медиа технологияларын тәжірибеге ендіру» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.

Тренингке Қазақстанның әр облысынан 25-ке жуық журналистер мен жаңа медиаға қызығушылық білдіргендер қатысуда. Оларға белгілі журналист, блогшылар, «Мінбер» ЖҚО-ның өкілдері Есенгүл Кәпқызы, Асхат Еркімбай, Бақытгүл Салықова, Әлия Сембай, «WikiBilim» қоғамдық бірлестігінің өкілі Рауан Кенжеханұлы, kerekinfo.kz жобасының авторы Аршат Оразов, АҚШ-тың Огая университеті Медиа, өнер және оны зерттеу факультетінің профессоры, ғылым докторы Дэвид Моулд интернет саласы мен интернет журналистика бойынша дәрістер өткізеді.

Атап айтқанда, Интернеттегі құқықтық және лингвистикалық қауіпсіздік, Қазақстанда интернет саласының құқықтық реттелуі, Интернеттегі сараптамалық мақала жазу үлгілері, Қазақша Wikipedia: мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, Блог ашу, жазба орнату, сурет қою, үнхабарға кіріспе, Журналистік этика, интернетпен, әлеуметтік желілермен жұмыс тақырыптары үйретіледі. Екі күнге созылатын тренинг-семинар ЕҚЫҰ, Сорос қоры мен ҚМЭБИ-дің қолдауымен өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар