Қазақ жігіті Қытай полициясы арасында «Бокс патшасы» атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шет елде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қазақстаннан таза ет импортталатын болды - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қытай Халық Республикасы Шыңжаң өлкесінің «Достық - Алашаңқай» шекара өткелінде малды сою және карантиндік алаңдар мен ет өңдеу өндірісіне қажетті нысандардың іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, нысан құрылысы аяқталған соң, бұл жер Қазақстаннан тірі малды (сиыр) тікелей өткізіп алатын Шыңжаңдағы тұңғыш орынға айналмақ.

«Жаңа нысанды «Жұңшин құрылыс» ЖШС 660 миллион юань қаржы шығарып, салып жатыр. Мұнда мал соятын 5 алаң болады. Бірінші мерзімдегі құрылыстың аяқталуымен жылына 100 мың сиыр, 30 мың қой және 12 мың жылқыны союға мүмкіндік тумақ. Нысан биылғы қазан айына дейін салынып болады. Ал екінші мерзімдегі құрылыс жұмыстары пайдалануға берілген соң, жылдық мал сою көлемі, сиыр 140 мыңға, қой 70 мыңға, жылқы саны 18 мың басқа жетеді. Бұл кезектегі нысан құрылысын келер жылы қазан айында аяқтау жоспарланған. Осы арқылы қытайлық тұтынушылар Қазақстанның экологиялық таза ет өнімін молына пайдалану мүмкіндігі артады», - деп жазады аталған БАҚ.

Қытайлық сайттың жазуынша, Қазақстандағы түрлі кәсіпорындар аталған нысанды жем-шөппен қамдау қажеті келісілген. Осы уақытқа дейін екі елдің шекарасынан тек тірі жылқы өткізілген екен.

Қуандық Арыстанұлы Моңғолия елінде өткен жекпе-жекте күміс жүлдегер атанды - KAZNEWS
null

Моңғолияның Құқық қорғау университетінің 85 жылдығына орай өткен жекпе-жекте 805-ші Ішкі әскери бөлімнің қызметкері Қуандық Арыстанұлы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZNEWS ақпараттық порталы.

«Аталған жарысқа 22 клубтан 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың 55 келі салмақ дәрежесінде 805-ші Ішкі әскери бөлімнің қызметкері Қуандық Арыстанұлы күміс жүлдеге ие болды. Ал, университеттің Шекаралық қызмет факультетінің арнайы дайындық курсының жекпе-жек үйірмесінің ұстазы Оңалбек Қаушанұлы жарыстың «үздік» төрешісі атанды», - деп жазады KAZNEWS ақпараттық порталы.
null

Өзбекстан мен Қазақстан жоғары оқу орындары бірлескен кафедралар ашуға келісті - «ӨзА» ақпараттық агенттігі
null

Өзбекстанда өткен Қазақстан күндері аясында Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мен Өзбекстан мемлекеттік мәдениет және өнер институты бірлескен кафедралар ашуға келісті, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстан күндері аясында Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы ректоры, философия докторы (PhD) Асхат Маемиров Өзбекстан мемлекеттік мәдениет және өнер институтына келді. Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің ақпаратына сәйкес, Асхат Маемиров алдымен оқу ордасы аумағымен, спорт және оқу ғимараттарымен танысқан. Сондай-ақ, сабақ барысымен танысып, мұндағы студенттерге жасалған мүмкіндіктерге байланысты жылы лебізін білдірген. Сапар барысында Өзбекстан мемлекеттік мәдениет және өнер институты ректоры Ибрахым Юлдашев пен Асхат Маемиров тарапынан өзара келісімшартқа қол қойылды. Оған байланысты екі жақтың білім ордасында болашақта бірлескен кафедралар ашу, кадрлар алмасу және студенттердің екі жақтық білім беру жүйесін ұйымдастыру көзделген», - деп жазады «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

Айдынбек Қадылбекұлы Қытай полициясының «Бокс патшасы» атағын жеңіп алды - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Айдынбек Қадылбекұлы Қытай мемлекетінің ішкі істер саласының қызметкерлі арасында өткен бокс чемпионатында бас жүлдені қанжығалады, деп жазады kazakcnr.com сайты.
null

«Айдынбек Қадылбекұлы Үрімжі қаласының ішкі істер органында жұмыс істейді. Ол Қытай мемлекетінің ішкі істер саласының қызметкерлері арасында өткен бокс чемпионатында 81 кг салмақ дәрежесі бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Бұл тек Айдынбектің жеке жеңісі емес, жалпы Шыңжаң өлкесінің ішкі істер саласы үшін үлкен мәртебе болды» деп жазады қытайлық БАҚ.

Аталған басылымның жазуынша, Айдынбек Қадылбекұлы Алтай аймағы Қаба ауданының тумасы. Айдынбек Қытайдағы танымал жаттықтырушы, Қанат Исламның алғашқы бапкері Мұрат Бошайұлының шәкірттерінің бірі. Ол 12 жасынан бастап боксқа қатысқан. 1997 жылы 17 жасында Қытай чемпионатында 57 кг салмақ дәрежесі бойынша бас жүлде еншілеген. 2000 жылдан бастап Үрімжі қаласы ішкі істер органында полиция қызметін атқарып келеді.

Алматыда «Жүз өлең» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті - «ӨзА» ақпараттық агенттігі
null

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Жүз өлең» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Аталған кітап өткен 2018 жыл «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» деп жариялануына орай екі ел арасындағы әдеби байланыстарды нығайтуға бағытталған жоба ретінде жарық көріп отыр. «Тұлға - достық» қоғамдық қоры, «Әдебиет әлемі» орталығы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тахир Оспанұлы Балықпаевтың қолдауымен, Өзбекстан Жазушылар Одағы, «Жастық» журналы редакциясымен бірлескен «Жүз өлең» атты жоба аясында Өзбекстанның жас буын ақындарын негіз еткен 20 ақынның өлеңі қазақ тіліне аударылып, «Жүз өлең» деген атпен кітап болып жарық көрді», - деп жазады «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

Аталған сайттың хабарлауынша, осы жоба бойынша биыл «Өзбекстандағы Қазақстан жылының» ашылуына байланысты Қазақстанның жас таланттарын негіз еткен 20 ақынның өлеңі Өзбекстан Республикасында «Жүз өлең» деген атпен өзбек тіліне аударылып Өзбекстан Жазушылар Одағы, «Жастық» журналы редакциясының қолға алуымен баспаға дайындалып жатыр.

Әлемдегі тұңғыш жабық сауда орталығын білесіз бе? - ТРТ
null

Әлемдегі тұңғыш және ең ірі жабық сауда орталығы - Ыстанбұлдағы Капалы Чаршы, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

«Фатих Сұлтан Мехмет падиша салдырған Үлкен базар - төбесі там мен күмбездермен жабылған дүкендерден тұратын тарихи сауда орталығы. 1461 жылы іргетасы қаланған. Капалы Чаршы эстетикалық сәулетімен үлкен лабиринтке ұқсайды. Ғимараттың 60-қа жуық көшесі, 3600-дан астам дүкені бар. Барлық аумағы - 30 700 шаршы метр. 1460 жылдары салынған базар Джевахир деп аталған. Оның табысы Аясофияға жұмсалу үшін Фатих Сұлтан Мехметке берілген. Артынан түрлі дүкендер ашылып, Ыстанбұлдағы сауда орталығына айналған. Үлкен базар бүгінгі таңда да жандылығын, танымалдығын, қызметін жалғастыруда. Сауда орталығын күн сайын 250-400 мың адам аралайды», - деп жазады аталған БАҚ.
null

Тегерандағы ҚР Елшісі екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүдделілік танытты - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Тегерандағы Қазақстан елшісі Асхат Оразбай елінің Бандар-Аббас теңіз дәлізіндегі сауда айналымын арттыруға мүдделілік танытты, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

«IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Асхат Оразбай бейсенбі күні дипломаттар тобымен Иранның оңтүстігіндегі шәһид Раджаи атындағы портқа келді. Онда елші Қазақстан дипломаттары тобының мақсатын Иранмен келіссөз жүргізіп, екі елдің сауда айналымын арттыруға қажет механизмді табу деп атады. Шәһид Раджаи атындағы порт халықаралық солтүстік-оңтүстік дәлізде орналасқандықтан жүкті тиеу және түсіру тұрғысынан заманауи мүмкіндіктерге ие.

Иранның оңтүстігіндегі Хормозгон облысының порттар және кеме қатынасы ұйымының директоры Муродолла Афифипур қазақстандық дипломаттар үшін Иранның ең үлкен портының жабдықталу жағдайын баяндады. Қазақстан мен Иранның сауда айналымы өткен алты жылда бес есе артып, 400 миллион доллардан 2 миллиард долларға жетті», - деп жазады parstoday.

Соңғы жаңалықтар