«Қазақ жауынгері» чемпиондық атағын қорғайды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат -  «Қазақ жауынгері» лақап атымен шаршы алаңға шығып жүрген қытайдағы қазақ боксшы Елшат Нығматоллаұлы (13-0-1, 5КО) 14 қыркүйек күні кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Boxrec.com порталындағы мәлметтеріне сүйенсек, қандасымыз бұл жолы филиппин боксшысы Еранио Семилланомен (16-8-3, 5КО) жұдырықтасады, жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Сондай-ақ, «Қазақ жауынгері» бұл айқаста жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы титулын қорғайды.

Айта кетейік, Елшат Нығматоллаұлы қытайда туып-өскен ұлты қазақ боксшы. 24 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, бұл күнде WBO тұжырымы бойынша қытай чемпионы және WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар