«Қазақ жауынгері» атанған қандасымыздың қарсыласы жекпе-жектен бас тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақ жауынгері» атанып кеткен Қытайда тұратын қандасымыз Елшат Нығметоллаұлының қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі кештің басты айқасы 52 келі салмақ дәрежесінде WBC Asia чемпионы «Қазақ жауынгері» атанып кеткен Елшат Нығметоллаұлы (15 жекпе-жек, 15 жеңіс) мен жеңіліп көрмеген әзербайжандық боксшы Фарид Әлиев (5 жекпе-жек, 5 жеңіс) арасында өтеді деп жоспарланған.

Алайда, жекпе-жекке шығар сәтте қандасымыздың қарсыласы айқасудан бас тартқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар