«Қазақ жауынгері» ата-жұртта алғашқы айқасын өткізеді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда бокстан «Қазақ жауынгері» лақап атымен танылған қандасымыз Елшат Нығматоллаұлы ата-жұртта алғашқы айқасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдағы жекпе-жек кештерінде «Қазақ жауынгері» лақап атымен шаршы алаңға шығып жүрген қазақ боксшы Елшат Нығматоллаұлы (14-0-1, 5КО) Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін кәсіпқой бокс кешінде сынға түседі.

Елшат Нығматоллаұлы 53,5 келі салмақта жұдырықтасады. Ол әлемдік рейтингтегі ең мықты 100 боксшының қатарына кірген. Ал Қытайда өз салмағының көшін бастап тұр. Сондай-ақ осыған дейін WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы және WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағына қол жеткізіп үлгерген тәжірибелі боксшылардың бірі.

Қандасымыз қазір елордада өтетін жекпе-жек кешіне Алматы қаласында дайындалып жатыр. Бұл оның ата-жұрттағы алғашқы айқасы болмақ.

Еске сала кетейік, Астанада өтетін кәсіпқой бокс кеші қазақтың белгілі боксшысы Қанат Ислам құрған «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтеді. Онда қандасымыз Елшат Нығматоллаұлымен қатар Айдар Шарыбаев, Асхат Уәлиханов, Абылайхан Құсайынов және Руслан Мырсатаевтың шаршы алаңға шығатыны туралы осыған дейін жазған болатынбыз.  

 nullnull null null null null 

Соңғы жаңалықтар