USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қазақ жастары Түркия университетінде діни білім алады

2021 жылғы 4 желтоқсан 15:31
Бөлісіңіз:
Қазақ жастары Түркия университетінде діни білім алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Ыстанбұл қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Мармара университетінің ректоры, профессор Мұстафа Курт екі жақты ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында білім саласына арналған атаулы күндер күнтізбесі әзірленді Ақмола облысында 100 мыңнан астам бала үйірмелер мен секцияларға барады Ақтөбенің шалғай ауылында 100 орынды мектеп ашылды

Аталған келісім Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты негізге ала отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мармара университеті арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру және діни білім беру саласында жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

«Келісім аясында ҚМДБ діни білім алуға ниетті қазақстандық талапкерлерді Мармара университетіне жолдай алады. Еліміздегі Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университетінің оқытушылары мен Мармара университетінің оқытушылар құрамы арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер мен курстар ұйымдастыру көзделеді. Дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру үшін білікті дін ғалымдарымен тәжірибе алмасу да осы келісім аясында жүзеге асады. Аталған меморандум қол қойылған күннен бастап 5 жылға дейін күшінде болады», - деп мәлім етті ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Екіжақты кездесу барысында тараптар діни білімнен бөлек әлеуметтік пәндерді де дамыту турасында келісімге келді. Бүгінде бұл университетте 124 қазақстандық шәкірт білім алуда. Ал жалпы алғанда оқу ордасында 80 мың студент бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT