Қазақ-жапон вестерн фильмінің түсірілімі қалай жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-жапониялық бірлескен «Барымташылар» фильмінің түсірілімі қазіргі уақытта Алматы облысындағы Тұзкөл аумағында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат өкілдері жақында Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсіріп жатқан «Барымташылар» (шартты атауы) толықметражды фильмінің түсірілім алаңына - Алматы облысы Тұзкөлге барып қайтқан. Қазақстан тарапынан жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Жапония тарапынан - «Tokyo New Cinema» компаниясы іске асыруда.

Фильмнің продюсерлерінің бірі - Сёдзо Ичияма (Жапония). Ол Такеша Китано, Цзя Джангке, Хоу Сяосяня сынды танымал режиссерлер түсірген фильмдердің продюсері. Жалпы алғанда, Седзо 20-дан астам фильмге продюсер болған. Олардың көпшілігі ірі байқауларға қатысып, Берлин, Канн және Венеция кинофестивалдерінде жүлделер иемденген.

«Барымташылар» фильмі Тянь-Шань тауының бөктеріндегі шағын ауылда тұратын тату отбасы туралы баяндайды. Олар шулы қаладан және тұрақсыздықтан алыста, жылқы бағумен айналысады. Бір күні жылқы ұрлайтын топ алысқа отағасын алдап апарып, аяусыз өлтіреді де табын жылқыны айдап әкетеді. 12 жасар Олжас топтың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады», - делінген хабарламада.
null 

Фильм бойынша режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан), тең режиссері Лиза Такеба (Жапония), қоюшы оператор Әзиз Жамбакиев (Қазақстан), актриса Самал Еслямова (Қазақстан) және актер Мирай Морияма (Жапония) жұмыс істейді.
null null null 

Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов фильмнің жанрын вестерн мен мелордама аралас болады деп сипаттай отырып, отандық және жапондық көрермендерге бағытталғанын атап өтті.

«Жапон тарапы белгілі аудитория мен табыс әкелетінен үмітті. Сол себептен де фильмге жапонның танымал актері Мирай Морияма шақырылған», - деді Нұрмұхамбетов.
null 

Актер Мирай Морияма «Барымташылар» фильмінде ғайыптан пайда болатын Қайрат есімді кейіпкерді сомдайтынын және қазақ тілін меңгеріп, атқа салт мініп жүруді үйренгенін айтты.

«Мені бұл жобада қатты қызықтырғаны - әке мен бала оқиғасы. Сонымен қатар, жобаның қазақстандық және түсірілімдер сіздердің елдеріңізде жүретіні мені баурап алды» - деп қосты Мирай Морияма.
null null 

Фильмнің продюсері Юлия Кимнің айтуы бойынша, түсірілімдер Шонжы мен Шелекте өтіп, бір ай бойы жүреді. Фильмнің релизі 2019 жылға жоспарланған.
null 

Соңғы жаңалықтар