Қазақ және өзбек конструкторлары автокран жасап шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Өзбекстанмен бірлескен жобаларды іске асыруға кірісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық әскери-теxникалық ынтымақтастық департаментінің директоры Асланбек Сырлановтың айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барып келгеннен кейін екіжақты байланыстар жандана түсті. Сол кезде әскери-теxникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім де рәсімделді.

«Содан бері біз өзбек әріптестерімізбен шамамен 15 рет кездестік. Оларға Алматы, Астана мен Орал қаласындағы кәсіпорындарды көрсеттік. Бұдан бөлек, біз әскери-теxникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп, негізгі бағыттарды айқындадық. Олар - оптикалық құрал-жабдықтар, әуе теxникасына қызмет көрсету, катерлер жеткізу мен қару-жарақты жаңарту. Ал азаматтық өнімдерге келетін болсақ, осы салада аз да болса, нақты нәтижелер бар. Ташкент пен Көкшетаудың кәсіпорындары 25 тонналық автомобиль кранын құрастырып шықты. Оны кез келген салада қолдануға болады. Қазір куәлік алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта оны көрші мемлекеттерге тасымалдау жоспарланып отыр», - деді А.Сырланов Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығына арналған Халықаралық конференцияда.

Айта кетейік, Қазақстан Өзбекстанға байланыс жер серігін бірлесіп құрастыруды да ұсынды. Аталған аппарат екі мемлекетке ғана емес, аймақтың басқа да елдеріне қызмет көрсете алады.

«Қазіргі кезде біздің өзбек әріптестеріміз шетелдің жер серіктерін қолданып келеді. Сондықтан бірлесіп бір жер серігін құрастыру туралы ұсыныс жасалды», - деп атап көрсетті А.Сырланов.

Соңғы жаңалықтар