Қазақ ұлттық медициналық университетінің ұжымы Елбасына алғыс білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Еуразия кіндігінде жас мемлекеттің жаңа астанасын тұрғызып, өршіл халқымыз азаттық рухына, жаңалықтың, жақсылықтың ордасына айналдырды. Осыдан 20 жыл бұрын біздің еліміздің алдында екі міндет тұрды. Оның бірі - жеке мемлекеттігімізді құру болса, екінші экономиканы дамыту. Қазіргі кезде, бұл қиындықтардың барлығы артта қалды, бүгінгі Қазақстанның бет бейнесі соны анық аңғартады. Бұған, әрине, халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді. Алайда, бұл жетістіктерге қазақ мемлекеттігінің құрылысшысы, әлемдегі беделді саясаткерлердің бірі - Нұрсұлтан Назарбаевсыз жету мүмкін емес. Мемлекетті құру және дамыту бір адамның ақылы мен қолынан келуі мүмкін емес. Бұған ерекше тарихи жағдай мен ерекше саяси талант қажет. Бірақ, Нұрсұлтан Назарбаев соны жүзеге асырды. Елбасы өзінің халқын бастап, әлемдік картада мемлекет пайда болды. Бұл мемлекет бүгінгі таңда әлемдегі ең мықты елдерінің қатарында», дейді білім ордасының ұжымы.

Осы орайда, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ұжымы Елбасы, біздің Ұлы мемлекетіміздің негізін қалаушы, қазақстан мемлекетінің басты сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысын білдіреді.

«Елбасы біздерге ертеңгі күнге сеніммен қарайтын, бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған, ең басты құндылығы адам және оның бостандығы болып саналатын мемлекетте өмір сүруде сенімділік ұялатты. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанды бақуатты, саяси және экономикалық тұрақтылық, ұлтаралық түсіністік пен татулық орнаған мемлекет деп таниды. Нұрсұлтан Әбішұлы сіз ғана біздің жетістігімізбен және бақытты болашағымыздың кепілісіз аласыз», деп жазды университет ұжымы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына кешеден бері қоғам өкілдері алғыстарын білдіруде. Соның бірі - сахна майталмандары Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге Астана Опера», «Астана Балет» және «Қазақ Ұлттық хореграфия және мұржай академиясын сыйлаған Елбасына шексіз ризашылықтарын айтуда. Шығармашылық ұжымдар Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды әлемнің көптеген елдеріне таныту мүмкіндігін туғызғандығы үшін риза.

«Астана Опера» театарының ұжымы: «Мемлекет тарихында сіздің рөлініңіз орасан зо. Біз Сіздің ерең еңбегіңізге шексіз ризамыз! Сіз өзіңіздің тапқырлық, көрегендіңіздің арқасында халқыңызды қиын кезден бақытты болшаққа алып шығып, еліміздің барлық азаматтарының бірлігін қамтамасыз еттіңіз. Тәуелсіздің алған жылдары экономикалық апат алдында тұрған елімізді аяғынан нық тұрғыздыңыз, гүлденіп дамуына жағдай жасадыңыз. Сондықтан, Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге «Астана Опера», «Астана Балет» және Қазақ Ұлттық хореграфия және мұржай академиясын сыйлаған сізге шексіз алғыс білдіреміз», дейді шығармашылық ұжымдар.

Соңғы жаңалықтар