Қазақ тілінің дамуы үшін саяси шешімдер қажет - Берік Әбдіғалиев

None
None
АНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақ тілінің дамуы үшін саяси шешімдер қажет.

Бүгін елордада «Қазақ тілі - саяси коммуникацияда» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының директоры Берік Әбдіғалиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақ тілінің мәселесі қаражатқа, оқулыққа, әдістемеге, маманға емес, саясатқа тіреліп тұр. Сондықтан саясатта қандай өзгерістер, қандай саяси шешімдер керектігін түсінуге тиіспіз. Осыған орай мамандарды, сарапшыларды шақырып, қазақ тілінің дамуы заңға ма немесе Үкіметтің қандай да бір қаулысына тіреліп тұр ма, деген сауалдарға жауап іздедік. Жалпы осының барлығын қандай саяси құралдар арқылы өзгертуге болады? Міне осы аталған жайттардың анық-қанығына жету үшін осындай отырыстар керек», дейді қор директоры.

 Оның айтуынша, билікте де, тіпті басқа да қоғамдық-саяси күштердің арасында да жұмыс тілі қандай десек, олар бәрібір көп мәселе орыс тілінде талқыланып, ал қазақ тілі шын мәнінде ресми  шаралардағы салттық түрде ғана қолданылатын сияқты. Ал жұмыс барысы негізінен орыс тілінде өрбитіні шындық.

 Бүгін қазақ тілінің саяси коммуникациядағы ролі қандай деген мәселені көтерген орталық алдағы уақыттарда денсаулық сақтау, құқық органдары және басқа да салалардағы қазақ тілінің таралу деңгейі, шын мәніндегі жағдайына қатысты мәселелерді талқыға салмақ.

Соңғы жаңалықтар