Қазақ тіліне дубляждалған «Мулан» анимациялық фильмінің премьерасы өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 желтоқсанда қазақ тіліне дубляждалған «Мулан» анимациялық фильмінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мулан» – қазақ тіліне дубляждалған және отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 35-ші фильм.

Фильмдегі рөлдердің бірін қазақстандық каскадер, «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов сомдады.

1998 жылғы мультфильмнің ремейкі әлемдік прокатқа шықты. Онлайн-кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильм ертерек шығады деп жоспарлануда.

Голливуд киностудияларының отбасымен қарауға арналған фильмдерін мемлекеттік тілге «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясы дубляждайды.



«Disney киностудиясымен ынтымақтастығымызды 2011 жылы бастадық. Осы жылдар ішінде Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucas Films, Bazelevs және өзге де студиялардың 35 фильміне дубляж жасадық. Жобаның арқасында қазақ тілі Disney студиясының 39-шы тілі және Sony Pictures студиясының 7-ші тілі болды. Дубляж саласының 203 маманы біліктілігін арттырды», - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова,


Соңғы жаңалықтар