Қазақ тіліндегі бейнесабақтар қазақстандық телеарнадан көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап қазақ тіліндегі бейнесабақтар «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Еліміздегі карантин талаптарына байланысты 1 қыркүйек, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасында орта білім беру қашықтан оқыту жүйесінде жалғасады. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып, дүйсенбі-жұма 09:00-18:00 аралығында 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасы көрсетеді»,-делінген «Қазақстан» РТРК таратқан ақпаратта .

Сондай-ақ онда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді екендігі айтылған.

Сонымен қатар арна balapan.tv ресми сайты мен qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы, «Balapan»-ның YouTube-тегі ресми каналынан да онлайн көрсетіледі. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар