+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 77 кітап аударылды – Рауан Кенжеханұлы

2020 жылғы 20 қараша 14:26
Бөлісіңіз:
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 77 кітап аударылды – Рауан Кенжеханұлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2017 жылдың сәуір айынан бері 77 оқулық қазақ тіліне аударылып, еліміздегі 132 жоғары оқу орындарының кітапханаларына жеткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Ұлттық аударма бюросының жұмысы туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандағы университет пен Франциядағы ЖОО ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мақсаты – дүние жүзіндегі ең ілгері жоғару оқу орындарының бағдарламаларына кірген, әлем бойынша білім беру саласында кеңінен қолданылатын оқулықтарды қазақ тіліне аударып, біздің студенттерге жеткізу. Жобаны іске асырмас бұрын біздің елдегі жоғары оқу орнынан қандай оқулықтарды аудару керектігі туралы ұсыныс сұрадық. Жауап ретінде 800 кітаптың тізімі келді. Арнайы жұмыс тобы негізгі талаптарды анықтап, соның негізінде жыл сайын 30 оқулықтан бекітіп беріп отырды. Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынған 2017 жылдың сәуір айынан бері 77 оқулықты аударып, басып шығарып, еліміздегі 132 жоғары оқу орындарының кітапханаларына жеткізіп бердік. Барлық мемлекеттік және жеке меншік оқу орындарын қамтыдық. Тағы 23 оқулық аударылып болды. Олар баспаға дайындалып жатыр. Жыл соңына дейін ол оқулықтар да жоғары оқу орындарына жеткізіліп, осы жылы бұл жобаның қорытындысы шығарылады», - дейді «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.

Оның айтуынша, аталған оқулықтарды аударуға, дайындауға еліміздегі барлық ұлттық университет мамандары кеңінен қатысқан.

«Жалпы алғанда 300-ге тарта ғалымдар, редакторлар, аудармашылар оқулықтарды ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударды. Аудармашылар тіл білетін ғана емес, сол пән бойынша білімі бар мамандар болды. Тілінің жатық болуы үшін ғылыми, әдеби редакторлар еңбек етті. Бұл оқулықтар жоғары оқу орындарының кафедраларында талқылаудан өтті. Осылайша бірнеше сатыдан тұратын сапаны қамтамасыз ететін жүйе қалыптасты», - дейді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT