Қазақ тілінде оқитын оқушылардың білім сапасы артып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ және орыс тілінде оқитын білім алушылардың арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды. Бұл туралы «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала мен ауыл оқушылары арасында оқу сауаттылығындағы алшақтық 22 балға қысқарған. 2018 жыл бұл көрсеткіш 37 балды құраса, 2021 жылдың зертеу нәтижесіне сәйкес 15 балл болды. Бұл алшақтық негізінен ауыл мектептерінің оң динамикасы негізінде орын алды. Оқыту тілі бойынша, яғни, қазақ және орыс тілінде оқитын білім алушылардың арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды. Бұл жерде де алшақтық қазақ тілінде оқитын оқушылардың анағұрлым оң динамикасы нәтижесінде қысқарды», - деді Мағжан Аманғазы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында.

Бұған дейін ол 2021 жылы жүргізілген PISA халықаралық зерттеуінің алғашқы нәтижелерін жариялаған еді.

«PISA-2018-бен салыстырғанда барлық үш бағыт бойынша оң динамиканы байқап отырмыз. Сонымен қатар функционалдық сауаттылығы төмен білім алушылардың да үлесі қысқарып отыр. Қала мен ауыл оқушылары арасындағы оқу тілі тұрғысынан алшақтықтың қысқарғанын атап өткен жөн», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар