Қазақ тілін меңгеруге деген талпынысты ынталандыру керек - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін меңгеруге талпынған адамдардың ұмтылысын ынталандыру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тілдің біріктіруші рөліне тоқталған Елбасы, «бұл процесс барша әлемде табиғи құбылыс. Сондықтан қазақ тілін түсініп, меңгеруге деген талпынысты қолдап, барша жерде ынталандыруымыз керек», - деді.

Осы орайда Н. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағытта елеулі рөл атқарып келе жатқанын атап өтті. ҚХА жұмысы аясында өзге ұлт өкілдері қазақ тілін жақсы меңгеріп алды.

«Бұл бағыттағы талпынысты байқап отырмыз. Қаншама жастар Ассамблея атынан өмірге жолдама алды. Ассамблея айналасындағы жұмыс барысында мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік жасалды. Қазіргі кезде бұл адамдар жауапты қызметтерде жүр, бірнеше тілде емін-еркін сөйлей алады», - деді Елбасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясының жұмысы басталды.

Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерінің Қазақстанға қатысты сенімі туралы пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар