Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуымыз қажет - Шерубай Құрманбайұлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Профессор Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілін ғылым тілі ретінде қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымның айтуынша, бүгінде қазақ тілі ғылым мен теxнология саласында кеңінен қолданылмайды. Қоғам тарапынан оған деген қажеттілік те толық туындамай отыр. "Неге? Біріншіден, қазақ тілі ғылым тілі ретінде ядролық физикада, кибернетика, ақпараттық теxнологиялар саласында, энергетикада, медицина, қаржы саласында қолданылса, сұраныс болатын еді. Мәселен, Ұлттық банк пен қаржы министрлігі қазақша сөйлеп тұрса, онда қаржы терминологиясының дамуына қажеттілік те, негіз де қалыптасады. Мамандарды да іздей бастайды. Ал қазақ тілі осы салаларда қолданылмайынша қазақ тіліндегі терминологияның орнығуына біз негіз қалай алмаймыз. Осыны ашық айтуымыз керек. Бұл барлық ғылым саласына байланысты", - деді Ш.Құрманбайұлы Парламент Мәжілісінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда.

Оның сөзіне қарағанда, кеңестер кезіндегі саясатқа байланысты энергетика, теxника, құқық қорғау сияқты көптеген салаларда мемлекеттік тілдің қолдану аясы шектелді. Соның салдарынан қазақ тілі аталған салаларда ғылым тілі ретінде өрісін жайып кете алмады. Аталған дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді. "Сосын бүгінде терминдерді қалыптастырудың ғылыми қағидаттары әлі айқын емес. Терминологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі бір баршаға ортақ ұстанымдар мен қағидаттар басшылыққа алына бермейді, немесе оларды жауапты құрылымдар мен осы жұмысқа жетекшілік етушілер қалауына қарай өздері белгілейді және жиі өзгертеді. Терминологияға бұлай қарау бұл саладағы жұмыстың жолға қойылмағандығын, істі ғылыми, кәсіби тұрғыдан тиісті деңгейде жүргізілмей отырғандығын көрсетеді. Соның салдарынан тұрақты қолданылатын ұлттық ғылыми терминологиялық қор толық қалыптаспай отыр", - деп атап көрсетті Ш.Құрманбайұлы.

Айта кетейік, бүгінгі жиында профессор Шерубай Құрманбайұлы терминологияның өзекті мәселелерін атап өтті. Осы орайда ғалым терминкомның құзіретін күшейту керек деп санайды. Бұдан бөлек, терминдерді таңдағанда басшылықтың беделі басым болып кетеді.

Ал Аxмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек терминология сөздіктерін шығару жоспарлары туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар