Қазақ тілі ұстаздарының халықаралық қауымдастығы құрылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев университетінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, "Мәңгілік елдің мәңгілік тілі" атты халықаралық симпозиум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Симпозиумда Қазақстанда қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы құрылады деген жоспар айтылды. Қауымдастықтың басты мақсаты - қазақ тілін оқытудың инновациялық əдістерін жетілдіріп, ол əдіс-тəсілдердің қолданыс аясын кеңейту.
null 

Шараға қатысқан Сенат депутаты Əділ Ахметов қазір елімізде қазақтардың 75-80 пайызы туған тілінде сөйлейтінін жеткізді.

"Назарбаев Университетінде азат елдің тіліне арналған үлкен шара іске асып жатыр. Бұл өте жақсы бастама. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "тілімізден, дінімізден, салт-дəстүрімізден айырылып қалатын болсақ, ұлт болмай қаламыз" деген сөзі бар.  Сондықтан, бүгінгі мәселе - тіл болып тұр. Тіл - елдің тірегі. Ең негізгі құралы, ең негізгі символы. Еліміздің ең басты жоғары оқу орны - Назарбаев университетінде тілге осындай деңгейде құрмет көрсетілсе, басқа университеттер одан үлгі алады. Кезінде Елбасы "асықпаңдар, өз уақыты келеді,  аз уақыт күтіңдер" деген еді. Міне, қазір қазақтардың 75-80 пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болды. Келе-келе, 90-95 пайызға жетеміз. Қазақ тілдің қалқасында орыс тілін білгеніміз артық болмайды, ағылшын тілін білгеніміз - тіпті де артық емес. Ағылшын тілі - ғылымның тілі, мемлекеттік сауда-саттықтың тілі. Тіл маманы болғандықтан айтарым, ағылшын тілі ең оңай тілдердің бірі", - деді симпозиум қонақтарына мотивация берген депутат.
null 

Симпозиум жұмысына еліміз бен шет елдердің əдебиетшілері мен тіл мамандары, түркітанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен оқытушылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар