Қазақ тарихы батыс пен шығысқа қатар әсер еткен - Рассел Бауэрс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аризона штаты АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстың орталығына айналады. Бұл туралы Қазақстандағы сауда-инвестициялық мисииялардың келешегін талқылаған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен шарада Аризона өкілдер палатасының спикері Рассел Бауэрс екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастың тарихына қысқаша тоқталып, оны жандандыра түсуге ниетті екенін білдірді.

«Сіздердің тарих Батыс пен Шығысқа қатар әсер еткен. Екі алып экономиканың ортасында тұрсыздар. Ел тізгініндегі тұлғалар сарабдал саясат ұстанып отыр. Бізде де сіздер сияқты көшпелі өркениет болған. Мыңжылдық тарихымыз өте ұқсас. Мәдениеттеріңізді қатты қастерлейсіздер. Сондықтан, сіздермен әріптестік орнату бізге өте қолайлы», - дейді Рассел Бауэрс.

Спикердің айтуынша, Қазақстан аэроғарыш саласында Байқоңыр айлағының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы қажет.

«Қазақстан - жас әрі демократиялық мемлекет. Ауыл шаруашылығы мен аэроғарыш саласында мүмкіндіктеріңіз орасан екенін білеміз. Ал бізде 926 аэроғарыш компаниясы бар. Бұл салада Байқоңырдың орны ерекше. Аталмыш салада сіздерге технологиялық қолдау көрсетуге әзірміз», - деді АҚШ өкілі.

Осы келісімдердің барлығын нақтылап, қаншалықты мүмкін екенін бағалау үшін миссия өкілдері 5-13 маусым аралығында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Түркістан және Өскемен қалаларына баруды жоспарлап отыр. Сапар нәтижесінде Аризона өкілдер палатасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты кеңсесін ашатыны да айтылды.

Соңғы жаңалықтар