Қазақ спортшы Қытай құрамасы сапында Пхенчхан Олимпиадасына қатысады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде туып өскен қазақ спортшы Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдың халық сайтының хабарлауынша, Қытай ұлттық құрамасын Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі 31 қаңтар күні Бейжің қаласында өтіп, додада бақ сынайтын Қытай спортшыларының толық тізімі жарияланды. Қытай ұлттық құрамасындағы 82 спортшы Пхенчханда қысқы спорттың 5 түрінен бақ сынайтын болады.

Шыңжаңда туып өскен ұлты қазақ спортшы Аршынғазы Шәкенұлы байрақты бәсекеде конькимен жүгіру спортынан 1500 метрлік сында өнер көрсететін болады.
null 

Шыңжаң конькимен жүгіру құрамасының бас бапкерінің айтуынша, 23 жастағы қандасымыз құрама сапына 2010 жылы қосылып, бұл күнде Қытайдың ішкі біріншілігі бойынша құрылған рейтингіде бірінші орында тұр. 

Сондай-ақ оның атап өтуінше, соңғы 24 жылда Шыңжаңнан қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар қатыспаған. Пхенчхандағы ойындарға 4 спортшы лицензия алды.

Айта кетейік, Аршынғазы 2017 жылы 28 желтоқсан күні Қытайдың конькимен жүгіру спортынан ішкі біріншілікте Шыңжаң құрамасының өзге тағы екі спортшысы - Алмас Қақанбайұлы және Дәстүр Тұрсынханұлымен бірге командалық сында жеңімпаз атанды.
null 

Еске салайық, XXIII қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 күндері аралығында Пхенчханда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар