Қазақ спорт академиясы Олимпиадаға аттанған өз студенттеріне сәттілік тіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматылық студенттер Қазақстан намысын қорғау үшін Пхенчхан Олимпиадасына аттанған спортшыларға қолдау білдіру мақсатында флешмоб өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері  «Ұлы дала ұландары - Олимпиада қырандары» деп ұрандатты.

«Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 46 спортшы қорғайтын болса, олардың 13-і -Академия студенттері. Атап айтқанда, Анна Шевченко мен Иван Люфт (шаңғы), Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков (фристайл), Дарья Климина, Екатерина Бельченко, Владислав Витенко (биатлон), Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағалиев, Ким Йонг А (шорт-трек), Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру), Айза Мамбекова (мәнерлеп сырғанау)», - деді баспасөз қызметінен.
null 

Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяға лек-легімен келіп жатыр. Бүгін кешке Алматыдан фристайл-акробатика бойынша команда аттанады.

Айта кету керек, бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді.

XXIII қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында өткен ту шығару рәсімінде спортшыларды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев бастап шықты.
null 

Дүбірлі доданың басталуына екі күн қалды. Қазір қазақстандық спортшылар Олимпиада қалашығында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Ақ Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 9 ақпанда, ал жабылу рәсімі 25 ақпанға жоспарланған.  

null null null 


Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар