Қазақ режиссурасының классигі Абдолла Қарсақбаев туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақ режиссурасының классигі Абдолла Қарсақбаев туралы «Елім деп соққан жүрек» атты деректі фильм түсірілді.

Сценарий авторы мен режиссеры, белгілі тұлғаның ұлы мен келіні Тоқтар Қарсақбаев пен Майра Қарсақбаева әкесі туралы фильм түсіру бұрыннан көкейдегі арманы болғанын айтады.

Майра Қарсақбаеваның айтуынша, бұл фильм танымал режиссердің көзін көріп, қызметтес болған жандардың естелігінен құралған. Картинадағы оқиға желісі соғыс кезінен бастап біздің уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды. «Абдолла Қарсақбаевты білмейтін қазақ жоқ. Алайда, көпшілік оның шығармашылық ізденістерін, қиыншылықтарын біле бермейді. Біздің ойымызда бұл идея бұрыннан болған. Міне, «Қазақфильм» басшысы Ермек Аманшаевтың қолдауымен бұл ойымыз да жүзеге асты. Деректі фильм түрлі мәліметтерге негізделеді. Біздің фильмді түсіруге анамыз Клара Қарсақбаева кеңесші болды», - деді Майра Қарсақбаева. Маманның айтуынша, киноны түсіру кезінде кездескен негізгі қиындық ескі таспаларды іріктеп, сүзіп шығу болған. «Ол кісі туралы деректер мүлде жүйеленбеген. Бізге үй архивтерімен қоса Қазақфильмнің архивін түгел ақтаруға тура келді. Кез келген 2 сағаттық дисктен атамыздың 1 минуттық бейнесін тапсақ, соған қуандық», - деді Майра Қарсақбаева. «Мен өз әкем туралы сценарий негізіне өз естеліктерімнен емес, өзгелердің ойымен пікірінен алуға тырыстым. Максималды обьективті болу үшін. Әрине, деректі фильмдердің ерекшеліктері оның шынайылығында ғой. Ал, перзент ешқашан өз әкесі туралы жақсы нәрсені жазады. Абдолла Қарсақбаев - балалар киносының классигі болған. Бір ғана «Менің атым Қожаны» алыңыз. Ол Орталық Азияда 1964 жылы Канн жүлдесін алған тұңғыш туынды болды», - деді фильм режиссеры Тоқтар Қарсақбаев.

Соңғы жаңалықтар