Қазақ радиосының алғаш хабар таратқанына 100 жыл толды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1921 жылы Орынбор қаласынан алғаш рет қазақ радиосы хабар таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды.

30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды.

Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

Қазір құрамына 4 бірдей (Qazaq radiosy, Shalqar, Astana, Classic) радионы біріктірген QAZAQ RADIOLARY серіктестігі бүкіл қазақ даласына ақпарат таратады.

Радионың «Алтын қорында» 1948 жылдан бері жинақталған 100 мыңнан астам аудиожазба бар. Оның 300-ден астамы ноталық қолжазбалар.

Ұлт үнжариясы атанған радио тек республикаға ғана емес, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанның шекаралас аймақтарын қамтиды. Кез келген елден онлайн режимде тыңдауға болады. Бүгінде Қазақ радиосы 7 тілде хабар тарататын және сағат сайын екі тілде жедел жаңалық жеткізетін елдегі ең әуелгі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі.

2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды. Бұған дейін, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын. Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын.
Соңғы жаңалықтар