Қазақ радиосын 70 млн түрік халқы тыңдайды - Мәди Манатбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ және түрік радиосы бірлесіп радиокөпір өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Республикалық радио» ЖШС-ның Бас директоры Мәди Манатбекке сілтеме жасап.

«22 наурызда, сағат 13:00-14:00 аралығында «Қазақ радиосы» мен «Түркия үні» радиосы бірлескен радиокөпір өткізеді. Наурыз мерекесінде бауырлас ұлттың үнжариясы қазақ жерінде шалқыса, Қазақ радиосын 70 млн түрік халқы тыңдайды», - деп жазды Мәди Манатбек Фейсбуктегі парақшасында.

Радиокөпірді Қазақ радиосынан Қуаныш Кәрім мен Амангүл Ермекқызы және «Түркия Үні» радиосынан Торғын Сұлтанқызы жүргізеді.
Ал қонаққа Гази Университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, профессор, Түркият зерттеу орталығының төрайымы Хүлия Касапоғлу Ченгел мен халықаралық саясат ғылымының докторы Мәриям Хакім келеді. 

Соңғы жаңалықтар