Қазақ радиолары дикторларға кастинг жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақ радиолары» ЖШС жаңа дикторларға кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат серіктестік сайтына сілтеме жасап. 

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты: «Qazaq radiosy» «Shalgar», «Astana», «Classic» радиоларына дикторлыққа кастинг жарияланды. Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі 4-ғимараттағы Қазмедиа орталығында өтеді. Үміткердің өзімен бірге төлқұжаты болуы маңызды», - делінген хабарламада.

Ал республиканың басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдіргендер кез келген ақынның бір өлеңін (3мин) және ақпараттық мәтінді (1мин) оқып mp3 форматта, өңдеусіз [email protected] поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер жақшада көрсетілген уақыттан аспауы тиіс.

«Кастингке түскен материалдар 1-20 қараша аралығында іріктеледі және 23 қарашада қорытындыланады. Сондай-ақ, қатысушылар аудиомен бірге төлқұжатының суретін де жіберуі керек. Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады» - деп хабарлады серіктестік.

Іріктеуде қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

Соңғы жаңалықтар