+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы әлемнің 90-нан астам еліне таратылды

2021 жылғы 22 қыркүйек 13:09
Бөлісіңіз:
Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы әлемнің 90-нан астам еліне таратылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы әлемнің 90-нан астам еліне таратылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жыр мұра» жобасы ұрпақты ұлттық өнерге баулиды Ақтөбеде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылды Сайын Мұратбеков атындағы әңгімелер байқауы жарияланды

«100 жаңа есім» жобасы негізінде өз саласында Қазақстанның дамуына үлес қосушы 100 жаңа тұлға таңдалып, көпшілікке таныстырылды. Олардың есімдерімен тұлғалары кеңінен насихатталып, өскелең ұрпаққа жақсы үлгі-өнегеге айналды. «100 жаңа есім» жобасына іріктелген қайраткер жастар өндіріс пен кәсіпті, ғылым мен мәдениеті алға тартатын тұлғалардың жаңа легін құрайды деп санаймыз», - деді министр.

Сонымен қатар ол «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылып, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде сөйлетін 90-нан аса елдің ірі кітапханаларына, оқу орындары мен әдеби орталықтарына, жалпы саны 20 мыңға тарта ұйымдарға жеткізілгендігін айтты.

«Бұл жинақтарды халықаралық таныстыру іс-шаралары Лондон, Мадрид, Париж, Мәскеу және Каир қалаларында өтті. Сондай-ақ халықаралық қоғамдастықпен байланысты шығайту мақсатында Қытай, АҚШ, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Малайзия, Венгрия, Швеция және басқа да елдердің ұлттық кітапханаларында 34 қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы Абай Құнанбайұылының 175 жылдығы аясында ұлы ақын шығармаларының жинағы әлемнің ірі 10 тіліне аударылып, әлемге ұсынылды. Бұл бастама да төл әдебиетімізді әлемге таныстыру, мәдениетімізді насихаттауға қосылған зор үлес деп білемін», - деді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT