+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» оқырманға жол тартты

2019 жылғы 26 тамыз 16:12
Бөлісіңіз:
«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» оқырманға жол тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясы бойынша он үш кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді – Олжас Сүлейменов Төлен Әбдік: Қазіргі қазақ әдебиетінде әлем оқырманына таныстыратын шығармалар жетерлік Араб жазушысы: Әдебиет – діннен азат, толерантты құндылық

Антология Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр.

Мемлекет басшысы осы топтамаға енгізілген әр ақынның кітабына жазған алғы сөзінде «Рухани жаңғыру» тарихи мұраларымызды түгендеп, жауһар поэзиямызды ұрпақтың игілігіне айналдыру керектігін баса айтып өткен.



«Мемлекет басшысы көркем әдебиетіміздің дамуына әрдайым қолдау көрсетіп, барлық мүмкіндікті жасап отырғанын білесіздер. Осы 13 томдықтың әрбірі кіріспесінде жеке-жеке тоқталып, өзінің алғы сөзін қалдырып отыр. Жүректе буырқанған ұлттық рухты, тың серпін беретін ақындарымыздың жалынды жырларының топтамасы құтты болсын дейміз. Оқырман қауымның «Жалғасын таба ма?» деген көкейінде сауалы барын білеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алғы сөздерінің бірінде «алдағы уақытта осы топтама жалғасын тауып, көрнекті ақындарымыздың шығармаларын жарыққа шығара береміз деген сенімдемін» деп атап өткен. Жоғарыдағы сұрақтың жауабы осы деп ойлаймын», - деді Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерде модератор болған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.


Аталған топтамаға 13 ақынның туындысы енгізілген. Нақтырақ айтқанда, «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясынан Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқи аласыздар.



«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты игі істердің атқарылып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сол бағдарламаның аясында біз биыл Азия жазушыларының бірінші форумын өткізейік деп отырмыз. Оның күндері жақындап келе жатыр. Бұл кітаптар соның қарсаңында жарыққа шықты. Сол форумға қатысатын қаламгерлерге осы кітаптар тарту етіледі. Мемлекет басшысының және одан бергі министрліктер, мемлекеттік хатшы – барлықтарының әдебиетке деген оң көзқарасы қалыптаса бастағанын, соның көрінісі бір көрінісі екенін ерекше атап өткім келіп отыр. Жазушылар одағына көптен бері жасалмаған жөндеу жасалғалы отыр. Қомақты қаражат бөлінді. Ұсынған жобаларымыз мақұлдануда. Осының бәрі әдебиетке көңіл бөлініп жатыр деп есептейміз», - деді тұсаукесер барысында Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.



«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясы Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулеттің, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаровтың, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабековтың қолдауымен оқырманға жол тартып отыр. Әрбір кітап 1 мың данамен шықты.



Өз кезегінде өлеңдері аталмыш топтамаға енгізілген Мұхтар Шаханов сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан жаңа идеялар жүзеге асып жатқанын айтып өтті.

«Елдік, шындық биігінде бас қоса берейік», - деді


.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT