Қазақ пен финнің тарихы да, тағдыры да ұқсас - Елбасы

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Қазақ пен финнің тарихы да, тағдыры да ұқсас.  Бұл туралы бүгін Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

«Біздің елдеріміздің тарихы да, тағдырлары да ұқсас. Қазақстан мен Финляндия біртұтас империяның құрамында болды, біз көбірек, сіздер азырақ және біздің бабаларымыз көптеген жантүршігерлік уақытты бастан кешірді. Мүмкін дәл содан толеранттылық алған шығармыз. Әлемде бізді құрметтейді. Бірде-бір көршімізбен жанжалымыз жоқ. Бізде жанжалдасушы тараптардың кездесулері өтеді, Финляндияда да. Ең жарқын мысал, дәл осы жерде таяуда ғана Путин мен Трамп кездесті. Бізде Сирия тақырыбындағы келісссөздердің 9 кезеңі өтті», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастықты тереңдету туралы шартқа қол қойғанын  және осы ретте Финляндия тарапының ең бірінші болып қолдағандығын атап өтті.

«Аталған құжатты барлық мемлекеттер ратификациялауы үшін бізге қолдау көрсетесіздер деп үміттенеміз. Біз гуманитарлық білім саласындағы байланыстарымызға да назар аударамыз. Қазақстандық студенттер Финляндия университеттерінде білім алуда. Кеше студенттердің бір тобымен кездестім. Бұл да біздің Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктесімізбен ынтымақтастығымыздың бөлігі», - деді ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Елбасы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. 

Кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Финляндия бизнесмендері 600 млн доллардың келісімшартын жасасқан атап өтті.

Сапар аясында Мемлекет басшысы кеше фин бизнес капитандарымен жүздесті.  

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа темір жол бағдары ашылатындығын айтты  және

фин компанияларын еліміздің агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар