Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісі: Жағдай толық бақылауда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1-7 тамыз аралығында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Б. Қонысбаева» өткізу бекетінде, Қазақстан жағында көлік жиналып, оның саны 315-ке жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрын мемлекеттік кірістер органдары кептеліске Қазақстан арқылы Өзбекстанға алыс-жақын шетелдерден көліктердің ағымының күрт артуы себеп болғанын айтқан.

7 тамызда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Өзбекстанның Кеден қызметіне осы мәселені реттеуге арналған хат жіберді. Осыған байланысты, соңғы аптада Өзбекстан тарапы автокөлік өткізу көлемін 160 машинаға дейін арттырды. Қазір жағдай толық бақылауда.

18 тамыз күні Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапар аясында ол Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Мұраджан Бердіәлиевичпен кездесті.

Кездесуде тараптар мәселені шешудің жолдарын талқылады. Оның қорытындысы бойынша, тараптар «Б. Қонысбаева» өткізу бекетінде көлік жиналуын 60 машинаға дейін қысқартуға келісті.

Айта кетейік, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Б.Қонысбаев» - «Яллама» өткізу бекетінде жүк көліктерінің неліктен іркіліп қалғандығын ресми түсіндірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар