Қазақ-өзбек кəсіпкерлері құны 840 млн долларлық 92 келісімшартқа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Президенді Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға жасаған ресми сапарын аясында қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр. Бизнес форум аясында екі елдің кəсіпкерлері құны 840 млн доллар болатын келісімшарттарға қол қойды. Бұл туралы тілшілерге «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Əлтаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі форум Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық қарым-қатынастың жаңа бастауы.

«Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиеевтің сапары аясында бірқатар өзбек кəсіпорындары Қазақстанға келді. Бизнес форумға екі жақтан 500-ден аса кəсіпорын қатысып отыр. Бірқатар келісімшарттарға қол қойылды. Осы сапардың аясында құны 840 млн доллар болатын 92 келісімшартқа қол қойылды. Бизнес форумның соңында құны 94 млн долларлық тағы 10 құжатқа қол қойылады. Бизнесмендер үшін маңызды құжаттар бар»-деп хабарлады Нұржан Əлтаев.

Соңғы жаңалықтар