Қазақ-орыс шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 9 шетелдік елге кіргізілмеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының шекарасында 13 адам карантин стационарына жіберілді. Соңғы тәулікте шекарадан 1025 азамат өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оның ішінде 637-сі - жаяу, 388-і - жүк көлігінің жүргізушісі.

Карантин стационарына 13 адам жатқызылды.

- Автоөтпе жолдарда расталған жағдайлар анықталған жоқ. Анықтамасы болмаған 9 азаматқа елге кіруге тыйым салынды: Ресей Федерациясы - 3, Қырғызстан - 4, Беларусь - 2 (жүргізушілер-7, жолаушылар -2). Мемлекеттік шекараның 4 автомобиль өткізу пунктінде адамдардың орын ауыстыруына мониторинг жалғасуда, - дейді департаментте.

38 640 ПТР тексеру жүргізілді, 259 сырттан келген жағдай анықталды (симптомсыз, амбулаториялық емдеу).
Облысқа шектеулер енгізілген сәттен (19.09.20 ж.) бастап 165 217 адам (орташа есеппен тәулігіне 300-800 адам) келді.

Оның ішінде халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер – 89 243, жолаушылар – 75 974.

ПТР тексеру үшін карантин стационарына ҚР 4 281 азаматы орналастырылды. 2 256 бейрезидентке елге кіруге (анықтамасыз) жол берілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар