«Қазақ Мессиі» «Уфа» командасынан кетуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Уфа» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет таяу уақытта ресейлік клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

«Уфа» басшылығы оның келісімшартын сатып алатын клуб болса, Қазақстан спортшысын жіберуге дайын. Сейдахмет әзірге өз командасының бастапқы құрамына іліге алмай жатыр. Бұдан бөлек, «Еркоштың» өзі алаңда емес, клубтың лазаретінде көп уақыт өткізуде. Бұл «Уфа» басшылығының көңілінен шықпай жатыр.

Қазір Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасының қарамағында. Клубқа қайта оралса да командамен жаттығуды жалғастыра бермек. Алайда, «Уфа» қыста онымен қоштасуы мүмкін, себебі ол легионер болып саналады. Сондықтан, Еркош трансферге қойылуы ықтимал.

Қазақстандық футболшын «Қайрат» пен «Астана» алуға ниетті. Отандық футболдың басты талантын алуға алматылықтардың мүмкіндігі басым.

Соңғы жаңалықтар