Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 70 жылдығын тойлауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның қабырғалы оқу орындарының бірі - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 70 жылдығын тойлауда.

Оқу ордасын мерейлі мерейтойымен ҚР Білім министрі Аслан Сәрінжіпов пен қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтады.

«1944 жылы іргесі қаланған оқу ордасы елімізге қажетті білікті мамандарды тәрбиелеуде үлкен үлес қосуда. Әлемнің әр түкпірінен білім іздеп келген студенттер осу оқу орнына түсуде. Бірнеше ондаған жылдар бойы осы оқу орнында білікті ғалымдар дәріс оқыды. Көптеген түлектер биік жетістіктерге жетіп, ғылым жолына түсті», - деді А.Есімов.

Өз кезегінде министр Аслан Сәрінжіпов университет қабырғасында білім алған бірқатар түлектердің бүгінде Қазақстан педагогикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып отырғандығын атап өтті.

«Қазақ қыздарының білім алуы қазіргі заман талабына сай білім мен тәжірибе, белсенді өмірлік көзқарас, көпғасырлық ұлттық дәстүр негізінде жүзеге асып келеді», - деді А.Сәрінжіпов.

Бүгінде іргелі оқу орны 70 жылда 60 мыңға жуық педагог мамандарды тәрбиелеп шығарды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті - ТМД көлемінде бір жылда 9 мыңға жуық студент қыздарды оқыта алатын жалғыз ірі оқу орны.

Соңғы жаңалықтар