+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту аясында «Алтайдан Дунайға дейін» экспедициясы ұйымдастырылады

2014 жылғы 4 қараша 15:51
Бөлісіңіз:
Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту аясында «Алтайдан Дунайға дейін» экспедициясы ұйымдастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту аясында «Алтайдан Дунайға дейін»

экспедициясы ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Біз Мажарстанмен бірлесіп, «Алтайдан Дунайға дейін» халықаралық экспедициясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Германиямен де бірқатар шаралар өткізу жоспарда бар. Мәселен, бірлескен археологиялық қазба жұмыстары қолға алынады. Көптеген шетелдік ғалымдар осында келіп, Қазақстанның тарихын зерделеуге, жұмыс істеуге ниет танытуда. Меніңше, осының барлығы осынау атаулы оқиғаны лайықты деңгейде мерекелеуге мүмкіндік береді», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сондай-ақ А.Мұхамедиұлы Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойын атап өту барысында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралардың да ұйымдастырылатынын баса айтты. Дегенмен ол бұл шараларды өткізу мерзімі алдағы уақытта нақтыланып, осы жылдың желтоқсан айында жария етілетіндігін ескертіп өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT