Қазақ мәдениетін жаһанға таныту басты мақсатымыз - шетелдік ғалым

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қазақ мәдениетін жаһанға таныту - басты мақсатымыз. Талдықорғанда өтіп жатқан «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерлету» атты І Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып жатқан Париждік профессор Ольга Киселева осылай деді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлемдік замануи өнерге әлі кіре қоймаған елдермен жұмыс істейміз. Бұған дейін Қытай, Жаңа Зеландия, Корея, Украина сынды елдерде әлемге танылған мәдени жобаларды жүзеге асыруға атсалыстық. Көркемдік жобаларымыздың ішінде Қытай елінде алғаш өнері бойынша коммуникациялар мен Украинадағы холокостқа арналған үлкен ескерткішті атап өтуге болады», - деді Париждегі Сорбонна университетінің профессоры Ольга Киселева.

Енді шетелдік қонақтар үш күн бойы Қазақстанда тағы қандай ұтымды жобаларды іске асыруға болатынын зерделейді.

«Талдықорған қаласына Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және ТДМ елдерінің үздік университеттерінің профессорлары мен мәдениеттанушы азаматтарын, спикерлерін шақырдық. Олар өздерінің мәдениетін еуропа, әлем көлемінде қалай насихаттап жатқанын көрсетуде», деді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Халықаралық конференцияға шетелдік қонақтардан өзге, еліміздің әр облысындағы рухани жаңғыру орталықтарының өкілдері де қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Талдықорғанда Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында халықаралық конференция басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар