Қазақ мәдениеті - жаулаушылық, әскери мәдениеттің бөлігі емес, жасампаз мәдениет - Еркөбек Шыңғыс

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Еркөбек Шыңғыс Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты пікір білдірді.

«Қазақ мәдениеті әлемдік мәдениеттің маңызды бөлігі екені бұрыннан белгілі. Қазақстан тарихына деген жаңа көзқарас әртүрлі болуы мүмкін. Ол еліміздің бұрын қандай болғаны мен бүгінгі рөлі қандай екен дегендей, призма арқылы қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты, Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықтың дамуына орасан зор үлесін қосқан ұлы түркі мәдениетінің алтын бесігі екені сөзсіз. Түркі мәдениеті қазақ контекстінсіз қарастырыла алмайды. Мемлекет басшысы атап өткен жеті қырдың жасампаздық сипат беріп отырғанын атап өткім келеді. Қазақ мәдениеті - жаулаушылық, әскери мәдениеттің бөлігі емес, бұл бірінші кезекте - қазіргі әлемде ғаламдық мәні бар жасампаз мәдениет. Түркі құрамдасы болмаса, бұл әлем осыншама алуан түрлі, кең болмас еді», - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, әрбір қазақстандықтың алдында  заманымен қатар жүріп, өз мәдениеті мен тарихын сақтап қалу міндеті тұр.

«Архивтік іздеулерден бастап, заманауи мәдени мұрамен аяқтағанда, бәрінің де жаңа рең алып, жаңаша айтылатынына сенімдімін. Ғылым мен техника алға басып, жаңа технологиялар пайда болған ғасырда адам ұлт өкілі ретінде тамырын жоғалта бастап, ғаламдық қатынастардың субъектісіне айналады. Бұл ұрпақтар, бұрынғы уақыт пен қазіргі уақыт  арасындағы байланысты жұқарта түседі. Адам жаһандану үрдістеріне қарамастан өз мәдениеті мен тарихын ұмытпауы тиіс, себебі онсыз адамның болашағы жоқ», - деді Еркөбек Шыңғыс. 

Соңғы жаңалықтар