Қазақ қызы бокстан Қытайдың ең ірі жарысына жолдаманы жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақтар көп қоныстанған Іле аймағы Құлжа қаласынан шыққан Тұнық Бүркітбайқызы Қытайдың бокстан ең ірі мемлекеттік жарысына жолдаманы жеңіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі kazakh.people.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақ қызы бұл ірі жетістігіне 18 мамырда Қытайдың Тянжин қаласында өткен 13-ші Бүкілмемлекеттік жарысқа іріктеу турнирінде қол жеткізді. Енді ол  2017 жылғы мемлекеттік (18 жастан 22 жасқа дейінгі) жарыста Шыңжаң қыздары атынан өнер көрсетпек.
null 

Айта кетейік, Тұнық Бүркітбайқызы Шыңжаң әйелдері арасынан Қытайдың аталмыш ірі  жарысына қатысқалы отырған тұңғыш боксшы қыз.

Тұнық Бүркітбайқызы 2016 жылы қыздар арасындағы ел біріншілігінде 60 келі салмақта бас жүлдемен қатар, ең үздік жас талант сыйлығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар