Қазақ-қытай шекарасында екінші құрғақ порт салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде аймақ елдерін «Қорғас» халықаралық сауда хабының мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде сауда номенклатурасын эспортты ұлғайту арқылы кеңейту маңызды. Мысалы, Қазақстан Қытайға өз экспортын 135 шикізат емес тауар жайғасымы бойынша өсіре алады. Өткен айда пандемия кезіндегі үшжылдық тоқыраудан кейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» халықарлық сауда орталығының жұмысы қайта жанданды. Орталық Азия елдерінің бәрін, әсіресе, Қытаймен ортақ шекарасы жоқ көршілерімізді осынау маңызды сауда-логистикалық хабтың әлеуетін бірлесіп пайдалануға шақырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Президент саладағы сәтті тәжірибе әрі қарай кеңейетінін атап өтті.

«Біздің жоспарымызда қытайлық инвестициялық әріптестермен бірге шекарада қордаланған тәжірибені ескере отырып, жаңа сапаға негізделген екінші құрғақ порт салу жобасы бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар