Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақ-қырғыз зиялыларының форумы өтіп жатыр

2018 жылғы 11 қазан 18:06 218
Бөлісіңіз:
Қазақ-қырғыз  зиялыларының форумы өтіп жатыр

ОШ. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош қаласында Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ұйымдастыруымен «Шыңғыс Айтматов мұрасы: жаһандану дәуірінде ынтымақта өмір сүру» атты қазақ-қырғыз зиялылары форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға  Қырғыз Республикасы  Президентінің  кеңесшісі Сұлтан Раев,  Халықаралық Түркі академиясы президентінің кеңесшісі  Ержан Исақұлов,  Ош облысының губернаторы  Узарбек Жылқыбаев, Ош қаласының  мэрі Таалай Сарбашев  қатысып,  форумға келген қонақтарға құттықтау тілектерін арнады.  Екі күнге   жалғасатын  форумды   ұйымдастыруға Қырғызстан Президенті әкімшілігі, Ош мемлекеттік  университеті  қолдау көрсетті.  Зиялылар  форумы  әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың  туғанына 90 жыл толуына  орай TWESCO   ұйымдастырған  шаралардың жалғасы болып саналады.  Түркі академиясы 2018 жылды «Айтматов жылы» деп жариялап,  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жазушының мерейтойына орай биыл сәуір айында Астанада «Айтматов тағылымы» атты халықаралық форум  өткізген  еді. Аталған жиын қазақ-қырғыз зиялылары форумы ретінде  бағаланған  болатын. Енді мұндай форматтағы жиын Қырғызстан  жерінде өтуде.

Ош  қаласындағы  форумға қазақ және қырғыз жазушылары, ақындары, ғалымдар, суретшілер мен өнер қайраткерлері қатысуда.  Форум  барысында TWESCO әзірлеп, басып шығарған, Қырғызстанның экс-мемлекеттік хатшысы Османакун Ибраимовтың  «Айтматов. Последний писатель  империи», Мағжан Жұмабаевтың «Арыстан айбат» деген атпен  жарық көрген шығармалар жинағы, Қадыралы Қонқабаевтың  «Атлас древнетюрских письменных памятников Республики Алтай», Эмир Наджиптің «Историко-сравнительный словарь тюркских языков 14 века», «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» және өзге де бірқатар кітаптардың таныстырылымы өтеді. 

Сондай-ақ, форумда қазақ-қырғыз бауырластығына,  мәдениет пен әдебиет, ғылым  және  өзге де салаларға қатысты баяндамалар жасалып,  пікір алмасу өткізілмек.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT