+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай бекетінің реконструкциясы биыл аяқталады

2020 жылғы 1 маусым 19:45
Бөлісіңіз:
Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай бекетінің реконструкциясы биыл аяқталады

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетін реконструкциялау жұмысы жалғасып жатыр. Бекет келесі жылдың өзінде тәулігіне 2500 көлік пен 23 мың адамды өткізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шекарашылар 7 млн медициналық масканы сыртқа шығармақ болғандарды ұстады ҚР ҰҚК Шекара қызметі: ТЖ кезінде жүк тасымалдауға еш шектеу қойылған жоқ Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» бекетінде көлік жиналуына не себеп болды

Жоба бойынша ұзындығы 137 метрлік 8 жолақты қозғалыс бөлігін, өткізу терминалдарын, бақылау-өткізу пунктін, шекара қызметінің ғимараты мен өткізу бекетінің басқа да нысандарын қайта жаңартылады.

«Бұдан бөлек, биыл мамандар тексеруді жылдам жүргізуге арналған жаңа инспекциялық тексеру кешенін салады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті техниканың барлығы жұмылдырылып, құрылыс материалдары жеткізілген. Қайта жаңарту жұмыстарына 127 адам мен 15 техника тартылды. Өткізу бекетінің реконструкция ауданы - 3,5 га. Жобаның бас мердігері – «Дорстрой» ЖШС. Техникалық бақылауды «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС жүзеге асырады. Жоба авторы – «Синтез» ЖШС» делінген хабарламада.

Жол-құрылыс маусымы қызған шақта «Қордай» өткізу бекеті тек жаяу жүргіншілер үшін сағат 6:00-дан 24:00-ке дейін жұмыс істейді.

Автокөліктер көршілес «Қарасу», «Сортөбе» және «Ауқатты» бекеттері арқылы өткізіліп жатыр. Аталмыш өткізу бекеттеріне кіру жолдары жақсы жағдайда. Бекеттегі жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT