Қазақ-қырғыз шекарасында тауар транзитінің уақыты қысқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев пен Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Алмаз Онолбеков кездесу өткізді, деп хабарлайды

ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қазақстан-қырғыз Үкіметаралық кеңесі отырысының 8-ші Хаттамасының тармақтарын іске асыру шеңберінде мәселелер талқыланды.

«Тараптар кездесу қорытындысы бойынша тауарлар транзиті кезінде навигациялық пломбаларды қолдану, күн сайынғы мониторингті жүргізу және Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына тауарларды әкелудің көлемі бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тәуекел тауарларды әкелудің және әкетудің көлемі бойынша ақпаратпен алмасу жөнінде пилоттық жобаны жүргізуге уағдаласты. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының өткізу пункттерінде және кедендік рәсімдеу орындарында бірлескен кедендік бақылауды жүргізу туралы мәмілеге қол жеткізді», - делінген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Екі елдің кеден қызметінің үйлесімді жұмысының қорытындысы кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырады, тауарлар транзитінің уақытын қысқартады, сондай-ақ өткізілетін жүктер көлемін ұлғайтады.

Соңғы жаңалықтар