Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдаушы көлік саны өскен

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдайтын көлік құралдар саны ұлғайған. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі уақытта қазақ-қырғыз шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын (бензин) тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. Сонымен қатар тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркелуде», - делінген ресми хабарламада.

Бұл жағдай шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудыруда.

Шекарадан өту бойынша кеңес алу үшін хабарласу телефоны: 8 (7172) 719-549. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар