Қазақ-қырғыз шекарасында автокөлік кептелісі пайда болды

None
БІШКЕК. «Кабар» – 16 желтоқсан сағат 15:30-дағы жағдай бойынша Қырғызстаннан Қазақстанға шығатын «Чон-Капка-Автодорожный» өткізу бекетінде автокөлік кептелісі пайда болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның ҰҚМК шекара қызметі мен Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстаннан шығуға кезекте 25-ке жуық жеңіл және 20 жүк көлігі тұр.

Сондай-ақ, «Ақ-тілек – Автодорожный» өткізу бекетінің алдында да ұзын-сонар кезек тіркелген.

Шекара бақылауынан өту үшін 97-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр.

«Машиналардың жиналуы жанар-жағармай материалдарын тасымалдаумен айналысатын жеңіл машина санының артуымен байланысты. Сонымен қатар, кейбір жүк және жеңіл автомобиль жүргізушілері кезек сақтамай, кезектен тыс жүруге тырысып, осылайша бақылау-өткізу бекетіне кірер алдында кептеліс туғызды», - дейді қырғызстандық ведомство.

Бұл бағытта Қырғызстанның шекара қызметі тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Олар көлік құралдарының жиналуы циклдік сипатта болатынын айтуда.

«Бұл ретте Қырғыз Республикасы ҰҚМК Шекара қызметі тарапынан шекаралық бақылаудан өту кезінде жүк тасымалдаушылар мен жүргізушілер үшін шектеулер жоқ екенін атап өтеміз. Қырғызстан-Қазақстан учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде адамдар мен автокөлік құралдарының жиналуы тіркелген жоқ», - деп толықтырды Қырғызстан мемлекеттік шекарасы.

Бұл мәселе бойынша ҚазАқпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне жүгінді. Олардың хабарлауынша, кептеліс шекараның Қырғызстандағы бөлігінде қалыптасқан, Қазақстан тарапында жағдай тұрақты.

Соңғы жаңалықтар